Қытай смартфондарға арналған ядролық батарея жасап жатыр

0
503

​Мұндай батареяның артықшылығы 50 жылға дейін электр қуатын бере алады.


Қытай смартфондарға арналған ядролық батарея жасап жатыр

Фото: habrastorage.org

ERNUR.KZ.Қазіргі гаджеттер энергияны көп қажет етеді, сондықтан қуатты батареяларға деген қажеттілігі де артып келеді. Дегенмен, батареяның сыйымдылығын үнемі арттыру мүмкін емес, өйткені бәрінің шегі бар. Сондықтан Қытай ядролық батареялардың алғашқы прототиптерін жасап, мәселеге екінші жағынан қарауды жөн көрді, деп жазады Inbusiness.kz.


Жақында Betavolt Technology болашақта әртүрлі құрылғыларды, соның ішінде смартфондарды қуаттай алатын радионуклидті аккумулятордың жасалғанын хабарлады. Әзірлеушілер ғарыш саласында қолданылатын ұзақ мерзімді батареяларды жасау тәжірибесіне сүйенеді.


Батарея қалыңдығы 10 микрометрлік жасанды алмас қабатына негізделген, ол жартылай өткізгіш қабат қызметін атқарады. Кристалды құрылым никельдің ыдырайтын изотопы бөлетін энергияны пайдаланып электр энергиясын жасайды.


Құрылғы ұзақ қызмет мерзімі бар гаджеттердің қуат қажеттіліктерін қазірдің өзінде қанағаттандыра алатыны хабарланды. Мысалы, аэроғарыш өнеркәсібінде медициналық жабдықтар, MEMS жүйелері, әртүрлі сенсорлар, шағын дрондар мен микророботтар.

"Ядролық батареяның артықшылығы – ол 50 жылға дейін электр қуатын бере алады. Сонымен қатар, ол -60-тан 120 градус Цельсийге дейінгі температура диапазонында сенімді жұмыс істейді. Betavolt мәліметтері бойынша, олардың аккумуляторы радиация шығармайды және улы химикаттар шығармайды, бұл оны медициналық импланттарда пайдалану үшін мүлдем қауіпсіз етеді. Ыдырау кезінде аккумулятордың құрамындағы никель-63 ең көп таралған мысқа айналады", - дейді әзірлеушілер.