ЖЕБЕУШІ ПЕРІШТЕҢІЗ қандай заттар арқылы БЕЛГІ береді? Байқамай жүрген жоқсыз ба?

0
2 449

«Періштесі қақты» дегенді бұрыннан айтады. Сіз сенесіз бе?


ЖЕБЕУШІ ПЕРІШТЕҢІЗ қандай заттар арқылы БЕЛГІ береді? Байқамай жүрген жоқсыз ба?

«Періштесі қақты» дейміз кей жағдайларда. Сіз соған сенесіз бе? Өзіңізді жебеуші періштем бар деп санайсыз ба? Әлде бос сөз деп ойлайсыз ба?

Астролог және таролог мамандар жебеуші періштелердің болатынын және олар қандай да бір қауіптен сақтандыру, тыныштандыру үшін белгілер жіберетінін айтады. Тіпті, белгілерді сипаттап, олардың мән-мағынасын тарқатып та береді.


Құс қауырсыны

Айналада ешқандай құс ұшып-қонып жатпаса да, аяғыңыздың астында немесе ауада қалықтаған қауырсын пайда бола кетті ме? Ендеше, бұл жебеуші періштеңіз жаныңызда екенінің белгісі. Әдетте бұл белгіні періштелер қиын кездерде көрсетеді екен. «Мен жаныңдамын» деген қолдауы, энергетикалық көмегі.


Ұнамды иіс

Кейде мұрнымызға өзінен-өзі бір иіс келетіні болады. «Ненің иісі?» деп айналаға қарап таппай жатамыз. Келесіде сондай жағдайға тағы тап болсаңыз, иіс қайдан шығып тұр деп іздемеңіз. Жай ғана «Жебеуші періштем жанымда екен ғой» деп ойлаңыз. Дәл сол сәттегі іске батыл кірісіңіз.


Қайталанған сандар

Бірдей қайталанып келген сандар көзіңізге түсе берді ме? Ендеше, олардың мәніне үңіліп көріңіз. Бұл сандар сізге нені еске салады? Мүмкін ата-анаңыздың телефон нөмірін. Онда ол кісілерге хабарласу керек деп белгі берілуде. Әлде біреудің туған күнін еске салды ма? Ендеше, сол кісімен байланысқа шығыңыз. «Бұл сандар нені білдіруі мүмкін?» деп ойлансаңыз, неше түрлі нұсқадағы жауаптар табылады. Періштелер қажетті ойды санаңызға осылайша салуға тырысып жатыр.


Құлақтан кіріп, бойды алған әуен

Әнді үнемі сөзіне мән беріп тыңдай бермейміз. Кейде фондық дыбысқа айналғаны сонша, әуен ойнап жатқанын да аңғармаймыз. Ал енді бірде сөздері айқын естіліп, еріксіз түрде мағынасына үңіліп кететініміз бар. Бұл да бекерден-бекер емес. Дәл осы әндегі тап осы сөздерді жебеуші періштеңіз айтып тұр деп қабылдаңыз.


Бейтаныс адам

Кейде жебеуші періштелер адам кейпінде де келеді екен. Қандай да бір қиын жағдайға тап болғанда мүлде танымайтын кісі қол ұшын созған кездер болды ма? Сол сәтте көмегін беріп, жалт етіп қайта жоқ болады. Немесе бір ғана ауыз сөз айтып, керемет ой салады. Ол адам жайлы жылы естелік жылдар бойы жоғалмайды. Тағы жолығып қалса екен, таныссам екен деп тілейсіз. Бірақ екінші қайтып кездестірмейсіз. Өміріңізде осындай естелік қалдырған адам болса, ол жебеуші періштеңіз болуы әбден мүмкін.


Жаңбыр да бір белгі

Қандай да бір маңызды шешім қабылдағаннан кейін жауын жауып кетсе, шешімнің дұрыстығына сенімді болыңыз. Сонымен қатар, маңызды кездесу, таныстық, әңгіме, келісім-шарт кезінде де жаңбыр жауса, жақсылыққа балаңыз. Осы шешіміңіз немесе әңгіме барысында айтылған нәрселер жақын арада жемісін беріп, жағдайыңыз жақсы жаққа бет бұрады.


Жан-жануар не құстың пайда болуы

Табиғат, жаратылыс бізбен үнемі байланыста. Бұл байланысты жан-жануарлар, құстар, ауа райы арқылы жүзеге асырады екен. Тек біз түсіне бермейміз.

Сонымен, егер сіз төбеңізде ұшып бара жатқан қыран немесе сұңқарды көрсеңіз, сізді ойландырып тұрған мәселеге жоғарыдан қарау керек екенін біліңіз. Немесе беделді адамнан кеңес сұрайтын кез келді.

Қырыққабат көбелегі ақша, салықтар туралы жаңалықтар әкеледі. Немесе біреуден алған қарызды қайтаратын уақыт келгенін еске салады.

Жарқырауық қоңыздың пайда болуы жақын арада сіздің өміріңізге жарқын өзгерістер енетінін білдіруі мүмкін. Осы кезде сізді бағалайтын және позитив сыйлайтын адамдармен ғана сөйлесу маңызды. Араларыңызда шешілмеген мәселе, түсініспеушілік бар адамдармен жақын болмаңыз.

Жыланның пайда болуы сіздің бұрынғыдан да тәжірибелі және дана бола түскеніңіздің белгісі. Немесе басыңызға қатаңдау сынақ түскелі тұр, соны еңсерсеңіз, жан дүниеңізде үлкен трансформация орын алады.

Қара мысық өміріңізді өз қолыңызға алып, өзіңізге сенімдірек болу керегін білдіреді. Аз сөйлеп, көп әрекет ететін кез келіпті деп ұғыңыз.

Қиын сәтте қасыңызда пайда болған ит – сіздің періштеңіз жақын арада өміріңізге жақсы адамдар жіберетінінің белгісі. Жаңа нәрселер жасап көруді ұмытпаңыз. Үйде отырмай, адамдармен көбірек араласыңыз.

Міне, біз назар аудара бермейтін нәрселер осындай хабарларды жеткізгісі келеді екен. Күнделікті өмірде асығып-аптыға бермей, айналаға мұқият қарап, әр нәрсеге назар аударуға тағы бір себеп табылды. Мұқият болыңызшы, бәлкім періштелер жіберген белгілерді байқамай, көп нәрседен құр қалып жатқан шығарсыз.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ