СПОРТ немесе ӨНЕР: Балаңызды қандай ҮЙІРМЕГЕ берген дұрыс?

0
1 123

Оқып шығыңыз, балаңыздың қандай үйірмеге қатысса жетістікке жететінін анық білесіз.


СПОРТ немесе ӨНЕР: Балаңызды қандай ҮЙІРМЕГЕ берген дұрыс?

Баланың қабілет-дарынын айқындау, талантын ашу, шыңдау – ата-анаға борыш. Осы мақсатта баласына керекті, жетістікке жеткізер спорт не өнер үйірмесін табу үшін көп жерге жіберіп көреді. Ақыры соңында іздегенін тапса игі. Таппаса, баланы жолдан адастырып, өмір арнасын мүлде басқа бағытқа бұрып жіберуі де ықтимал.

Осындай қателіктен сақтану үшін, көп сандалмай, балаға қандай секцияға бару керегін бірден білу үшін жұлдызнамасына үңіліңіз.


ТОҚТЫ

Кішкентай Тоқтылар үшін ең жақсысы – актерлік шеберлік курстары, вокал студиясы, би клубы және көшбасшылар даярлайтын мектеп. Ол ел назарында болғанды жақсы көреді. Көпшіліктің ду қол шапалағынан нағыз бақытты сезінеді. Сондықтан танымал өнер адамы болу жолында көмектесіңіз.


ТОРПАҚ

Торпақ балалардың музыкалық қабілеті жоғары болады. Сондықтан олар музыкалық аспапта ойнауды тез үйреніп кетеді. Спортқа келетін болсақ, астрологтар бокс пен жекпе-жек түрлерін кеңес етеді. Командалық спорттан гөрі жеке дара ойыншылықты таңдағаны абзал.


ЕГІЗДЕР

Олар өте көпшіл, әңгімешіл балалар. Адамдармен сөйлескенді жақсы көреді. Туабітті қабілет жағынан тіл үйренуге бейім. Тіл курстарына берсеңіз, көп ұзамай-ақ полиглот болып шыға келеді. Көпшіліктің назарында болу, өзін әртүрлі рөлде көру де ұнайды. Сондыөтан, театр клубтарына да уақыт тапқаны жақсы.


ШАЯН

Ұялшақ, тұйық Шаяндарды түрлі секцияларға сүйреудің қажеті жоқ. Үйде, өз бөлмесінде отырып-ақ дамуына жол ашуға болады. Өз әлемінде өзімен-өзі қалуына мүмкіндік беріңіз. Қиялынан түрлі оқиғалар шығарып, ойыншықтарымен спектакаль қойып, қолөнермен айналысса, Шаяндарға сол әлдеқайда пайдалы. Сурет салу, мүсіндеу, тоқу, тігу, желімдеу және құрастыру сындылармен айналысу үшін қажетті құрал-жабдықтарын әперсеңіз болғаны.


АРЫСТАН

Гипербелсенді Арыстан балаларды спорт секциясына қатыстыруды үзбеу керек. Олар үшін командалық спорт түрлері өте қолайлы, қатаң ережелер мен басқа балалармен өзара әрекеттесу дағдыларын дамытады. Сондай-ақ, үйірмеден тыс, бос уақытында арнайы Арыстан бала үшін серуен, экскурсия ұйымдастырып тұрған да дұрыс. Шығармашылығын шыңдағысы келсе, актерлік, модельдеу, сурет салумен айналысуына болады.


БИКЕШ

Бикештерге олардың өткір ақыл-ойын одан сайын дамытуға көмектесетін басқатырғыш немесе құрастырғыш ойыншықтар қажет. Спортқа келетін болсақ, гимнастика, би, жүзу және семсерлесу – осы төртеуінің бірін таңдап көріңіздер.

ТАРАЗЫ

Оларды күрделі құрастырғыштар, құрылыс жинақтары мен музыкалық ойыншықтар қызықтырады. Робототехника үйірмесіне берсеңіз, асқан қызығушылықпен қатысар еді. Сондай-ақ, актерлік шеберлік сабағына немесе театр тобына қосыңыз. Физикалық белсенділікті қосу үшін биге, жеңіл атлетикаға, жүзуге қатысса, үлкен жетістіктерге қол жеткізе алады.


САРЫШАЯН

Бұл балалар суды өте қатты жақсы көреді. Алайда, жылдам жүзуді, жарысуды ұнатпайды. Командамен болғанда өзін жайлы сезінеді. Сондықтан олар үшін ең қолайлысы – синхронды жүзу, аквагимнастика өте қолайлы.


МЕРГЕН

Мерген балалар үнемі жаңа нәрсе үйреніп отырғанды жақсы көреді. Әлемді зерттегенді ұнатады. Сондықтан, «Жас ғалым», «Жас зерттеуші» сынды үйірмелерге апаып, өзі секілді ізденімпаз балалардың қатарына қосыңыз. Қазір жас биологтар мен зоологтарға арналған орталықтар бар, онда жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық жасай жүріп оларды зерттеуге болады.


ТАУЕШКІ

Кішкентай Тауешкілер үшін топтық спорт өте қолайлы. Көпшілдігі мен көшбасшылық қасиеттерінің арқасында көбінесе капитан болады.

Сонымен қатар, жақсы бағдарламалау қабілеті бар. IT саласына қатысты үйірмелерге қатыстырыңыз.


СУҚҰЙҒЫШ

Суқұйғыштар өзін «жас химик» сезінгенді жақсы көреді. Сондықтан түрлі лабороториялық тәжірибе жасайтын орталықтарға апарыңыз. Олардың қиялы өте дамыған, әңгімелер мен ертегілер құрастыруды қатырады. Мектепті бітірмей жатып-ақ кітап шығаруға жетерлік туындылары болса, таң қалмаңыз. Осы қабілетін шыңдауға, шығармашылықпен шындап айналысуына, кітабын шығаруға көмектесіңіз.

Ал спортта – нағыз батылдар. Кайтсерфинг, дайвинг, парашютпен секіру олар үшін түк қорқынышты емес. Оған әлі ерте десеңіз, батут орталығына, өрмелеу қабырғасына жиі апарып тұруға тырысыңыз.


БАЛЫҚТАР

Олар компьютер мен теледидардың сиқырына сағаттап арбалып отыра беруге дайын. Бұл қабеліте оны болашақта медиа маманы немесе компьютерлік бағдарламалаушы етер. Алайда, әзірше экран алдында ұзақ отырмауын қадағалаңыз. Балықтар жүзуді ұнатады, бассейнге жазылдырып берсеңіз, дән риза болады.

Шығармашылыққа келетін болсақ, мобильді қосымшалар жасауды, құрастырғышпен түрлі заттар жасауды, робототехниканы жақсы көреді. Аспаздық курстарына да қатыстыруға болады.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ҚҰЙЫН әлде ДАУЫЛ: ашуланғанда табиғаттың қай құбылысына ұқсап кетесіз?