​РУХ САНЫ: нені білдіреді, тағдырға әсері бар ма?

0
1 806

Өзіңіздің рух саныңыз қанша екенін, мәнін білесіз бе?


​РУХ САНЫ: нені білдіреді, тағдырға әсері бар ма?

Сандардың көмегімен әр адамның болашағын болжауға болады. Нумерологияда тағдыр саны, сәттілік саны, ақша коды секілділермен қатар, РУХ САНЫ деген де ұғым бар. Сіздің рухыңыздың саны қанша, ол тағдырыңызға қалай әсер етеді?

Ежелгі нумерологиялық мектептер рух санын анықтау үшін туған күніне негізделген сандық көрсеткіштерді мұқият зерттеді. Олардың арқасында адамның негізгі мінез-құлық қасиеттерін және оның өміріндегі оқиғаларды сипаттауға болады.

Рух саны адамның ішкі бағдаршысы, жеке «компас» деп аталады. Ол адамның өзіне деген көзқарасын, жеке талаптарын және ішкі жағдайын анықтайды.

Рух санының ең үлкен әсері 35-40 жаста, өмірдегі қалт өзгерістер кезеңінде байқалады. Ол жеке тұлғаның барлық нумерологиялық критерийлерінің ішіндегі ең маңыздыларыны бірі дейді нумерологтар. Оның әсерінен қоғамдағы басқа адамдармен байланыстар қалыптасады. Байланыстардың берік болуы да рух санының мән-маңызына назар аударып, кеңестеріне құлақ түріп жүруіне байланысты. Дұрыс дос таңдау, ерлі-зайыптық қарым-қатынасты дұрыс құру, өзіне деген махаббатты табу, талғамның қалыптасуы – бәрі-бәрі рух санымен тығыз байланыста.

Ол тұлғаның болмысын, қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Оның жағымды мінез-құлқы, жақсы қасиеттері, түзетуді қажет ететін тұстары, жасырын таланттар, бойындағы жетекші қасиет болып саналатын қандай қасиеттерді дамыту керектігін түсінуге мүмкіндік береді.


Рух санын қалай есептейді?


Ол үшін туған күн датасы қажет. Егер туған күніңіз айдың 1-і мен 9-ының аралығында болса, сол санның өзін аласыз. 10-ы мен 31-нің аралығында болса, бір-біріне қосыңыз (мысалы, 29: 9+2=11, 1+1=2).


Рух, жан санын білу жеткіліксіз. Әр санның толық түсіндірмесімен танысу қажет.

«Бірліктер» өзімшіл және импульсивті. Көшбасшы болып туылғандықтан, олар ешқашан алға қойған мақсаттан ауытқымайды. Басқалардың пікірімен санасатын жері аз, кез келген мәселені өз бетінше шешеді және қабылданған шешімдерге толық жауапкершілік алады. «Бірлік» иелерін Күн басқарады, бұл оларды батыл және өзіне сенімді етеді.

Өте қамқор, басқалардан да өзіне сондай қамқорлық, көңіл күтеді. Оларға біреумен жақын қарым-қатынас орнату оңай, ажырасу қиын. Жаңаны тез қабылдайды, заманауи нәрселерді жақсы көреді. Өмірдегі тоқыраулардан депрессияға түсуі тез.


«Екіліктер» - өмірінде гармония орнатудан ең мықты жандар. Олар бәсекелестіктен, өсек пен интригадан алыс. Ашық қақтығыстарға бармайды. Бірақ егер байқаусызда конфликтке тап болса, бейтарап позицияны ұстанады. Қолына алған кез келген істі жан-тәнімен орындайды. Жеке бас пайдасы үшін «Қолыңнан келсе, қонышынан бас» демейді және жасаған жақсылығы үшін қайтарым күтпейді.

Олар Айдың бақылауында өмір сүреді. Әдемі, үйлесімді, романтикаға толы өмір. Шешім қабылдауда әлсіздеу, ұзақ ойланады, көп сараптайды. Ренішті ұзақ сақтап, кейде тіпті қатыгез, кекшіл бола алады. Ал шынайы дос бола білгендерге олар үшін құрбандыққа бара алатын адал жолдас. Логиктер емес, өзін тек іспен көрсететіндер.


«Үштіктерді» нумерологтар өзі үшін өмір сүретін, осы сәттен ләззат алатын, көп нәрсеге үстіртін, жеңіл-желпі қарайтын адам ретінде сипаттайды. Олар жұмыста да, тұрмыста да әр әрекетінің арты неге апарып соғатынын ойлай бермейді. Көпшіліктің назарында болуды ұнатады және көшбасшылық позицияларды алуға ұмтылады. Осы көздегеніне көбіне жете алады.

Көпшілікпен ауызбіршілікте болуды, принциптерінен айнымауды, тек алға ұмтылуды жөн көреді. Батыл, тәуелсіз, айқын ұстанымы бар. Парызды құрметтейді, орындауға барын салады, қамқорлық пен сүйіспеншілікті білдіруде жомарт. Оларды Юпитер басқарады.


«Төрттіктер» – еңбекқор, жайдарлы мінез иелері. Өз мойнындағы міндетті, жауапкершілікті басқаларға аудармайды. Бәрін өзі істеуден, қабілет-дағдыларын жетілдіруден ләззат алады. Шығармашылық дарыны бар, бірбеткей және табанды. Ақсүйектер секілді өмір сүргенді жақсы көреді. Өрлеулер мен құлдырауларды, жаңашылдықтарды лайықты қабылдай біледі, батыл және шыдамды.


«Бестіктер» – белсенді, жігерлі, ынталы адамдар. Жаңашыл идеялар, қызықты ойлар мен ұсыныстадың кені десек болады. Көбінесе позитивті және мейірімді қалыпта, алайда кейбір сәттерде шыдамсыздық пен жүйкесінің жұқарғанын көрсетіп қояды.

Тамаша дос, қызықты және ақылды әңгіме айта алатын сұхбаттас бола алады. Оларды басқарушы Меркурий үнемі көпшілікті баурап алуды білетін оптимистерге айналдырып тұрады. Кәсіпкерлік қолынан келеді, ақшаны басқара біледі, сенімді бизнес-серіктес бола алады. Саяхаттауды жақсы көреді және үздіксіз білім алу үстінде.


«Алтылықтар» – романтикаға берілгіш, креативті және арманшыл жандар. Кейде шын қытығына тисең, қаттылық көрсете алады. Табиғи харизмасы мен тартымдылығы бар, өте қонақжай және үй шаруашылығына епті адамдар. Қонақ күткенді және қонаққа баруды жақсы көреді. Талғамы биік, өзін-өзі ұстау мәнері тамаша, көркем мінез иесі. Оларды Венера басқарады.


«Жетіліктер» – басқалардан өзгешеленіп бірден көзге түсетін ерекше жандар. Интуициясы өте жақсы. Көбінесе экстрасенсорлық қабілеттерге ие, өзін көпшіліктен оқшау ұстайтын, жұмбақ жандар болып келеді. Тума талант иелері болғандықтан, өмірі, тұрмыс-тіршілігі шығармашылықпен, өнермен тығыз байланысты. Ешкім білмейтін, өзіне ғана мәлім қиялындағы жеке әлемінде өмір сүруі де мүмкін. Батылдығының, тәуекелге бас тіге алатын қасиетінің арқасында табыстың шыңына жетеді. Сезімге берілгіш және адамдарды алаламайды.


"Сегіздіктер" сән-салтанат пен жайлылықта өмір сүру үшін туған адамдар болып саналады. Олар қаржыны оңай тартады, бизнесті сәтті жүргізеді және болашағы өте жарқын. Жаны нәзік, қамкөңіл жан, жүрегі тез жараланып қалады. Сонысын білгендіктен, адамдарға ашыла алмайды, эмоциясын көрсетпеуге тырысады. Сабырлы және ойлы, парыздарына адал, өз міндеттерін әрқашан орындайды. Жақын досы аз, дұшпандарын аямайды. Оларды Сатурн басқарады.


«Тоғыздықтар» - зиялы, дана, кемеңгер, нағыз ойшыл не ғалым болатын жандар. Өзін жан-жақты дамытып, тұлғалық қасиеттерін, қабілеттерін аша алады, дамытады, өміріне үйлесім орнатуға ұмтылады. Мақсатын анықтап, межесін көздесе, ешбір кедергілерге қарамастан діттеген жеріне жетеді. Спортшы болса, биіктерден көрінеді. Жауапты әкімші, табысты менеджер бола алады. Оларды Марс басқарады.

Жан санының арқасында неке серіктестерінің үйлесімділігін де болжауға болады. Міне, ең жақсы отбасы бола алатын одақтар:

  • Рух сандары бірдей екі серіктес.
  • Бір және төрт бірін-бірі жақсы толықтырады.
  • Екі санының иелері мен жеті, сегіз және тоғыз сандарының иелері бір-біріне сәйкес келеді.
  • Үш саны үшке еселік болатындармен қосылса, бақытты болады (үш, алты, тоғыз).
  • Бестіктер бірліктермен және тоғыздықтармен үйлесімді.
  • Алтылар үштіктер мен тоғыздармен жақсы жарасады.
  • Жетілер өздері сияқты жеті санының иесімен ғана бақытты бола алады.
  • Сегіздік екілік пен алтылыққа сәйкес келеді.
  • Тоғыз бестік пен жетіден басқасының барлығымен үйлесімді.

Нумерология – өте терең ілім. Рух саны бойынша айтары да осымен таусылмақ емес. Әрі қарай үңіле түскен сайын, өзіңіз жайлы ұшан-теңіз ақпараттар кеніне тап бола бересіз.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ