Осы белгіде туған ӘЙЕЛДЕР өте АҚЫЛДЫ болады

0
1 668

Сіз ақылды әйелдер қатарынансыз ба, оқып көріңіз


Осы белгіде туған ӘЙЕЛДЕР өте АҚЫЛДЫ болады

Өзіңіздің ақылдылық деңгейіңізге қандай баға берер едіңіз? «Ақымақпын» демессіз, әрине. Әйелдің бәрі ақылды. Әйткенмен, оның да сан алуан түрлері, деңгейлері болады екен. Дәл сіздің ақылдылығыңыз бен мықтылығыңыз неде екенін жұлдызшылар жасаған болжамнан біліңіз.


ТОҚТЫ – олар өте ақылды, өйткені ақпаратты тез қабылдайды, талдау-сараптау, өңдеуі де жылдам және тез шешім қабылдай алады.


ТОРПАҚ – баяу ойланып, шешімді ұзақ қабылдайтындар. Олар ақпаратты ұзақ уақыт бойы зерттеп, мәніне үңіліп, содан кейін ғана түйін шығарады. Нәтижесінде уақыт жағынан ұтылғанымен, дұрыс қорытынды жасау, шешім қабылдау жағынан мүлт кетпейді.


ЕГІЗДЕР – коммуникацияның хас шебері. Нқты ақпаратты білмесе де, оны қайдан, қалай табудың жолын жақсы біледі. Кез келген есіктің де, адамның да құлпын оңай ашып алады.


ШАЯН – ақыл-ой қабілетіне ішкі түйсігін қосқанда кез келген сұрақтың шешімін, мәселенің түйінін лезде тауып алады. Өте мықты стратег, құрған жоспары жүз пайыз дәлме-дәл орындалады. Оларды алдап-сулап айтқанға сендіру, дегенге көндіру оңай емес.


АРЫСТАН – өте ақылды, оған қоса талғампаз. Әр нәрсені өзіне берілген сабақ деп қабылдап, тиісті түйінін шығарып отырады. Сондықтан, өмірлік тәжірибесі өте мол, оны орнымен қолдана біледі, жаңылыс басатын жері аз.


БИКЕШ – өте мықты аналитиктер. Тек нақты дәлелдерге сүйенеді, мықты аргументтер келтірудің шебері. Кез келген тақырыпты тереңінен зерттеп барып қорытынды жасайды және ол үнемі дұрыс болып шығады.


ТАРАЗЫ – ізденімпаз, көп оиды және өте сезімтал. Ақылды болуға осы қасиеттері көп көмектеседі. Олармен құрған әңгіме-дүкен қызықты әрі пайдалы ақпараттарға толы. Керек емес жерінде өзінің білетінін ортаға салмай, «ақылды ақымақтың» рөлін ойнай қою қолынан келеді.


САРЫШАЯН – барлық белгілер арасында ең байқампаз жандар. Оларды алдап соғу мүмкін емес. Үнемі ізденіс үстінде жүреді және сырттай бақылағанды жақсы көреді.


МЕРГЕН – өте мықты стратегтер. Бір қарағанда жолы болғыш адам сияқты көрінеді. Алайда, ойлағанының бәрі орындалуының бірден-бір себебі мінсіз жоспар құрып, көздегенін мүлтіксіз атып алатын қасиетінде. Оң мен теріс, артық-кем, тәуекелдер мен қауіп-қатерлер – бәрін алдын-ала болжау қабілеті де жоғары.


ТАУЕШКІ – ең мықты тактиктер. Олардың құрған жоспарымен жүрсеңіз, жаза баспайсыз.


СУҚҰЙҒЫШ – жаңашыл идеяларға, креативке толы. Сол қасиетінің арқасында үнемі өзгелерден алда жүреді. Бірінші болып бастап беруші, жол салушы. Стандарттан өзгеше, таптаурын емес шешімдер табудың шебері.


БАЛЫҚТАР – философиялық терең ой-толғамдардың, ақылдың кені. Алайда оны керек жерінде ғана көрсетіп, керек емес деп санаған жерінде үнсіз қалады.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

РУХ САНЫ: нені білдіреді, тағдырға әсері бар ма?