​Қай БЕЛГІЛЕР қосылса, ЕҢ ЖАҚСЫ ЖҰП болады?

0
511

Тағдырлар жерден бұрын, аспанда тоғысады...


​Қай БЕЛГІЛЕР қосылса, ЕҢ ЖАҚСЫ ЖҰП болады?

ЕГІЗДЕР мен СУҚҰЙҒЫШ

Бұл екі белгі иелері бір-бірін мінез-құлық, темперамент жағынан тамаша толықтырады. Екеуінің де қарым-қатынастан бірінші кезекте іздейтіні – жан тыныштығы. Сондықтан осы бір тыныштықты бір-біріне бере алады. Олардың жұбында еркіндік, түсіністік, терең байланыс үстемдік құрады.


САРЫШАЯН мен БАЛЫҚТАР

Оларды біріктіретін – екеуінің де сезімталдығы. Бір-бірін тілсіз түсініп, іштей ұғынып, көзбен-ақ тілдесетін эмоционалдық және рухани байланыстары мықты. Қиялшыл Балықтар Сарышаянды рухани өсуге шақырса, Сарышаян Балықтарға шығармашыл идеяларын жүзеге асыруда үлкен қолдау көрсете алады.


БИКЕШ пен ТОРПАҚ

Өмірге деген көзқарастары бірдей, сонысымен де жақсы тіл табыса алады. Екі перфекционист қосылып, өздерінің мінсіз әлемін құрады. Еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік деңгейі екеуінде де бірдей болғандықтан, бір-бірін жалқаулық, сатқандық, жауапсыздық үшін айыптамай, дән риза күн кешеді.


ТАРАЗЫ мен ЕГІЗДЕР

Олар сана биігі нүктесінде түйіседі. Әрқашан ақыл-ойын жетілдіру, үздіксіз білім алу турасында бір-бірін өте жақсы түсінеді. Дәл осы қасиеттері олардың арасын жалғап тұратын алтын көпір іспеттес.


САРЫШАЯН мен ШАЯН

Олардың арасында мықты эмоционалдық байланыс бар. Екеуінің де қарым-қатынастан іздейтіні – қауіпсіздік. Белгі иелерінің одағы құштарлық пен адалдыққа, сенімге құрылады.


МЕРГЕН мен АРЫСТАН

Екі белгі иесінің байланысын от пен шоққа, жалынға теңеуге болады. Сөйте тұра, қызуына күйіп қалмайды, бір-бірінен алыс кетпейді. Керісінше, әр отқа түсіп шыққан сайын бір-бірін бұрынғыдан да жақсы түсініп, бұрынғыдан да жоғары бағалап, қарым-қатынастың жаңа деңгейіне шығады.


ТАУЕШКІ мен ТОҚТЫ

Бұл екі белгі иелеріне тән ортақ құндылық – қарапайымдылық. Екеуі же шынайы, шындыққа тіке қарай алады, іскер. Сенім мен адалдыққа құрылған одақтары ұзақ өмір сүреді. Ортақ мақсатқа, мол табысқа деген ұмтылыстары оларды ең тату жұп етеді.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

АҚША қайтсе КӨБЕЙЕДІ – астрологтар айтады