​Крахмал киімді үтіктеуді жеңілдетеді

0
1 115

Крахмалды тағамнан бөлек тұрмыста да түрлі жағдайға пайдаға асыруға болады.


​Крахмал киімді үтіктеуді жеңілдетеді

Крахмал - күнделікті рациондағы негізгі заттардың бірі және адамға қажетті энергияның басты көзі саналады. Картоп түйнектерінен алынатын ұсақталған ақ түсті, кейде сарғыш болатын ұнтақ. Оның дәмі мен хош иісі жоқ. Дегенмен крахмал көптеген тағамдарға қосылады. Ал тағамнан бөлек тұрмыста да оны түрлі жағдайда пайдаға асыруға болады.


Бет терісі күтімі

Крахмал – бет терісін ағартады, жұмсартады және қоректендіреді. Крахмалдан маска жасау қиын емес. Ол үшін, жарты стақан жылы суға 2 ас қасық крахмал және аз ғана мөлшерде ылғалдандыратын крем қосып, жақсылап араластырып аламыз. Таза бетке тегіс етіп жағып, 20 минуттан кейін жуып тастау керек. Масканы аптасына 3 рет қолданған дұрыс.


Әйнекті жақсы тазартады

Крахмал – табиғи қырғыш өнім. Егер оны әйнек тазартатын сұйықтыққа қосатын болсаңыз, онда ешқандай айғыз қалмай, жұмысыңыз жеңілдей түседі. Ал жуатын сұйықтықты өзіңіз жасайтын болсаңыз, онда 1 стақан сіркесу, жарты лимонның шырыны, 1 стақан су және2 ас қасық крахмал қажет.Барлық заттарды араластырып, бүркігіші бар ыдысқа құйып алыңыз. Әйнекке шашып, тазартып ала бересіз.


Жағымсыз иісті кетіреді

Аяқ киімнен жағымсыз иіс шыға бастады ма? Крахмалды аяқ киімге сеуіп түнге қалдырыңыз. Таңертең киер кезде крахмалын төгіп тастаңыз.


Майлы дақтарға қарсы қолданады

Егер киімде майлы тағамның ізі қалса, крахмалды пайдалануға болады. Ол үшін арнайы тазартқыш қоспа жасап аламыз. Стақанның 4/1 бөлігіне сүт құйып, 4 ас қасық крахмал саламыз.Барлығын қою қоспа болғанша араластырамыз. Дақ тиген жерге жағып түнге қалдырамыз. Қоспа кепкен соң қағып тастаймыз. Киімді жуып тазалап аламыз. Сондай-ақ крахмалдан жасалған қоспамен ас бөлмедегі кез-келген заттың бетіндегі майлы дақтарды тазартуға болады.


Киім үтіктеуді жеңілдетеді

Егер киім үтіктеуді аса ұната бермейтіндерге оны жеңілдетудің оңай жолы бар.Ол үшін 2 стақан суға 1 шай қасық крахмал салып араластырып аламыз. Бүркігішке құйып, үтіктейтін киімге сеуіп аласыз.


Еденнің сыкырлауын басады

Еден сықырлап мазаңызды алды ма? Жақсылап крхмал сеуіп, сыпырып шығыңыз. Крахмал тесіктерді бітеп, сықырлаудан құтқарады.


Сусабынды алмастырады

Крахмал – қымбат құрғақ сусабынды алмастыра алады. Крахмалды шаш түбіне сеуіп, жақсылап ұзына бойына тараңыз. Нәтижесі таң қалдыратын болады.


Күннен күйген жерді емдейді

Крахмал мен судан қою ботқа жасап күнге күйген жерге жағыңыз. Бұл ауырсынуды басып, тітіркенуді болдырмайды.


Теріден жасалған заттарды қалпына келтіреді

Теріден тігілген күртеше немесе диван кір, дақ болса, оны крахмалмен тазартып, жарқыратып қоюға болады. Крахмалды дақ тиген жерге сеуіп, таңертең ылғалды шүберекпен ысқылап сүртіп алыңыз.


Опаны алмастырады

Крахмалды кез-келген хош иісті майдың бірнеше тамшысымен жақсылап араластырып алыңыз. Артық қоспасыз хош иісті опа дайын.


Киімді тазартады

Қалың кленка қалтаны алып тазалау керек киімді салыңыз. Үстінен 2 стақан крахмал салып, қалтаның аузын жауып жақсылап сілкіп алыңыз. Крахмал киімге тегіс жайылған соң сол қалташа ішінде түнге қалдырыңыз. Ертеңіне киіміңіз тап-таза болып тұрады.


Ескі кітаптарды жаңартады

Кітаптарға крахмалды сеуіп қойыңыз. Крахмал тек қана ылғалды тартып қана қоймай, жағымсыз иісті де кетіреді.


Шиеленіп қалған жіпті шешуге көмектеседі

Шиеленіп қалған жіпке мол етіп крахмал себетін болсаңыз, тез арада шешіледі.


Тұздықты қою етеді

Крахмалдың көмегімен тұздықты қою етуге болады. Ұнға қарағанда крахмалдың құрамында глютен болмайды.


Көгерген жерді басады

Крахмал мен суды араластырып қою қоспа жасап алыңыз. Қоспаны ұрып алған жерге жағатын болсаңыз, ертеңіне ешқандай көгеріп, ісу болмайды.


Егер үйде крахмал таусылып қалған болса, оны қолдан оңай жасап алуға болады. Ол үшін қабығынан тазартылған картопты ұсақ көзді үккіштен өткізіп аламыз. Оны сүзгіден өткізіп, суға 3 минутқа салып қойыңыз. Кейін суын төгіп дайын өнімді кептіріп алыңыз. Крахмал дайын.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.