Түркістандық жастар еңбек адамдарына құрмет көрсетті

0
522

100-ге жуық адамға тегін шәй мен ыстық нан таратты.


Түркістандық жастар еңбек адамдарына құрмет көрсетті

Түркістандық жастар еңбек адамдарына жылулық сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін бір топ жастар еңбек адамдарына жылулық сыйлады. Киелі шаһардың тазалығына үлес қосып жүрген 100-ге жуық адамға тегін шәй мен ыстық нан таратты. Аталған іс-шараны Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған.


Орталық мамандары мен еріктілер қала көшелерінде, аялдамаларда және саябақтарда өткен шараға белсене қатысты. Осылайша тұрғындардың ақ батасын алып қайтты.


«Волонтерлер үнемі келіп, көмектесіп тұрады. Қыз-жігіттерге алғысымызды білдіреміз. Мұндай аязды күндері бір шыны-аяқ шайдың өзі денеге де, жүрекке де жылу сыйлайды», - деген қала тұрғындары өз тілектерін жеткізді.


Айта кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, қайырымдылықты насихаттау, жастарды үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Аяз уақытында қала тұрғындарына және қаланың көркеюіне өз үлестерін қосып, көше тазалығымен айналысып жүрген азаматтарға ыстық шәй ұсынып көңіл бөлу, қызметкерлердің жандарына жылу ұялату.