Түркістандық тұрғынның қалтасынан есірткі табылды

0
297

29 жастағы ер адамның қалтасынан есірткіге ұқсас зат салынған полиэтилен пакет табылыпты.


Түркістандық тұрғынның қалтасынан есірткі табылды

Түркістандық полицейлер жаяу жүргіншіден есірткі тәркіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданының полиция қызметкерлері есірткі затының заңсыз айналымына қатысы бар күдіктіні анықтады.


Дәлірек айтсақ, тәртіп сақшылары ауыл көшелерінің бірінен өтіп бара жатқан күмәнді тұрғынды тоқтатқан. Тексеру кезінде 29 жастағы ер адамның қалтасынан есірткіге ұқсас зат салынған полиэтилен пакет табылыпты.


«Тәртіп сақшылары тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес 6 грамнан астам «марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда есірткі затын заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады бұл туралы ПД баспасөз қызметі.