Түркістандық спортшы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

0
377

Жартылай финалда ғана қарсыласына есе жіберді.


Түркістандық спортшы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

Түркістандық Әсел Ханчжоудағы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындары мәресіне таяп келеді. Бүгін ұлттық құрама қоржынына бірнеше жүлде түсті. Солардың бірін Түркістан облысының спортшысы, ұлттық құрама мүшесі Әсел Қанай еншіледі.


Каратэші қыз 61 келі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін тартыста Иран спортшысы Атуша Голшаднежадты 1:0 есебімен тізе бүктіріп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. 22 жастағы Әсел Қанай Азия ойындарында 4 жекпе-жек өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті. Атап айтсақ, Малайзия, одан кейін Филиппин спортшысын жеңді. Жартылай финалда ғана қарсыласына есе жіберді. Дегенмен жарысты жеңіспен аяқтап, сенімді ақтай білді.