ТҮРКІСТАН: Ж​ауын-шашын салдарынан зақым келген көпірлер жөнделеді

0
1 199

Жергілікті әкімдік, төтенше жағдай департаменті тиісті жұмыстарды ұйымдастыруда.


ТҮРКІСТАН: Ж​ауын-шашын салдарынан зақым келген көпірлер жөнделеді

ERNUR.KZ. Бүгін қатты жауын-шашын салдарынан Түркістан облысында екі ауылдағы көпірді су алды. Жергілікті әкімдік өкілдері мен төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеуде.

Созақ ауданы, Қаратау ауылдық округі, Бақырлы ауылында жауын-шашынның қатты жаууына байланысты, ауылға кіреберістегі көпірді су шайып кеткен. Елді мекенді су басу қауіпі жоқ. Қазіргі уақытта жауын-шашын тоқтаған. Жергілікті атқарушы орган тарапынан көпірді қалпына келтіру жұмыстары қарастырылуда. Оқиға орнында құзырлы органдар, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, әкімдік өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Дәл осы күні таңда Кентау қаласы, Қарнақ ауылының Байылдыр өзенінде тау суы ағып, жауын-шашынның мөлшерден мол түсуіне байланысты өзендегі су деңгейінің көтерілді. Салдарынан Қарнақ ауылының жол көпірін (көпірдің ұзындығы 30м, ені 10 м) ішінара су алған. Қазіргі таңда елді мекенге қауіп жоқ.

Көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті әкімдік, төтенше жағдай департаменті тиісті жұмыстарды ұйымдастыруда.