ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 350 балаға мектепке қажетті заттар табысталды

0
1 076

Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қоры және Састөбе цемент зауыты ұйытқы болған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 350 балаға мектепке қажетті заттар табысталды

Түлкібаста 350 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектер табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданындағы Састөбе кентінің Мәдениет үйінде Конституция күніне орай, «Мектепке жол» акциясы аясында Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қоры және Састөбе цемент зауытының ұйытқы болуымен қайырымдылық шара болып өтті.


Жиынға Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметұлы, игі бастамаларға бастамашыл болған, қор төрағасы Қайрат Орынбайұлы, Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы және аудан әкімі аппаратының басшысы Фархат Байтуғанов пен зауыт басшылығы қатысып, мектеп оқушыларына жаңа оқу жылында жаңа жетістіктер тіледі.


Сондай-ақ, аудандағы 350 балаға оқу құралдары мен мектеп киімдері, сөмкелер табысталды. Сонымен қатар, аудандық өнерпаздардың қолдауымен өткен кешке аумаққа қарасты мектеп ұстаздары мен оқушылар да қатысып, игі іске мұрындық болған азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаты табыс етілді.