ТҮРКІСТАН: Сарыағашта заманауи технологиямен құлпынай өсіріліп жатыр

0
707

15 тұрақты, 40 маусымдық түрде тұрғындарды жұмыспен қамтуда.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта заманауи технологиямен құлпынай өсіріліп жатыр

Сарыағашта заманауи үлгідегі технология арқылы құлпынай өсірілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекенінде жаңа технологиямен құлпынай өсіріліп жатыр.


Заманауи үлгіде жылу жүйесін қажет етпейтін жылыжай салып, құлпынай өсіріп жатқан кәсіпкер Аширафи Шимбергеновтың 10 жылдық тәжірибесі бар. Ол Италия және Голландия мемлекеттерінде осы саладағы кәсіби мамандармен тәжірибе алмасқан.


Қазіргі таңда, 15 тұрақты, 40 маусымдық түрде тұрғындарды жұмыспен қамтуда. Жеке кәсіпкердің айтуынша, құлпынай 24 гектар аумақта егіледі. Ол күннің нұры және арнайы тігілген көрпешелердің жылуы арқылы өсіріледі.


Жеке кәсіпкердің шаруасымен танысқан аудан басшысы Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округі жаңа жұмыс орындарымен толығып келе жатқаны игі іс екенін атап өтіп, қолданып жатқан жаңа үлгідегі құлпынай өсіру әдісін әрі қарай дамыту жолдарын бірге талқылады.