ТҮРКІСТАН: Ордабасыда «Ана мен бала» аллеясы пайдалануға беріледі

0
803

Облыс көлемінде үшем өмірге келген ауылдардың ішінде Қараспан ауылдық округі көш бастап тұр.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда «Ана мен бала» аллеясы пайдалануға беріледі

Ордабасы ауданында қолға алынған «Ана мен бала» аллеясы жақын арада ел игілігіне берілмек, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақовтың бастамасымен қолға алынған «Ана мен бала» аллеясы жақын арада ел игілігіне берілмек. Бұл туралы аудан басшысы Темірлан ауылындағы әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарын тексеру барысында мәлім етті.


Аталған саябақ ынтымақ пен татулықтың мекені саналған Ордабасы ауданындағы алтын құрсақ аналардың құрметіне салынған.


Аудан орталығы Темірланда қолға алынған кешенде ұлттық болмысымызды айшықтайтын ана мен бала мүсіні, аяқжол, демалысқа арналған орындықтар, қоршау, жарықтандыру шамдары, балалар ойын алаңшасы мен Workout алаңы орнатылған. Сондай-ақ жасыл желекпен қамту жұмыстары қарқын алған.


Ауданда ел демографиясына үлес қосып келе жатқан аз емес. Бұл ретте, 268 бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» орденін иеленген ана, 120 «Батыр ана», 785 «Алтына алқа», 2928 «Күміс алқа» иегерлері және 7886 көпбалалы ана тұрады.


Айта кетерлігі, облыс көлемінде үшем өмірге келген ауылдардың ішінде Қараспан ауылдық округі көш бастап тұр.