Түркістан облысында 9 күн бұрын өзенге құлап кеткен қыздың денесі табылды

0
3 523

Бүлдіршіннің денесі оқиға болған аймақтан 10 шақырым жерде, өзен бойынан табылған.


Түркістан облысында 9 күн бұрын өзенге құлап кеткен қыздың денесі табылды

Түркістан облысында 9 күн бұрын өзенге құлап кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүлдіршіннің денесі оқиға болған аймақтан 10 шақырым жерде, өзен бойынан табылған. Жергілікті тұрғындар қыздың денесін судан алып шыққан.

Оқиға орнына Түркістан облысының және Шымкент қаласының ТЖД мамандары мен полиция қызметкерлері барды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 17 наурыз күні сағат 17:00 шамасында үлкендердің қарауынсыз Арыс өзеніне ойнауға барған 4 жастағы бүлдіршінді су ағызып әкеткен болатын.