ТҮРКІСТАН: Қазақ күресінен ересектер арасында ІІІ спартакиада өтті

0
647

Аталған жарысқа өңірімізден 12 команда қатысып, күш сынасты.


ТҮРКІСТАН: Қазақ күресінен ересектер арасында ІІІ спартакиада өтті

Қазақ күресінен ересектер арасында Түркістан облысының ІІІ спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардара қаласы Спорт кешенінде ересектер арасында қазақ күресінен Түркістан облысының ІІІ спартакиадасы өтті. Аталған жарысқа өңірімізден 12 команда қатысып, күш сынасты.


55 кг салмақта Саят Чапай, 82 кг салмақта Руслан Аллаберді, 100 кг салмақта Қайсар Шамшидинов сынды спортшылар алтын алқа тағынса, 90 кг салмақта Зейін Бейсенбай, +100 кг салмақта Кенесары Орынбасар күміс жүлдені місе тұтты.


Сондай-ақ, 60 кг салмақта Азамат Айдынғали, 66кг салмақта Қабылбек Нұрманов, 74 кг салмақта Мұса Мекенбай және түйе палуан күрескен Ерболат Есенбаев атты балуандар үздік үштікті түйіндеді. Ал, спартакиаданың үздік спортшысы атағы Мұса Мекенбайға бұйырды.


Жалпы, командалық есепте 1 орынды Шардара ауданы, 2 орынды Отырар ауданы, 3 орынды Ордабасы ауданы иеленді.