ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында бірқатар құрылыс жүргізіліп жатыр

0
375

Мақсат – тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын құру.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында бірқатар құрылыс жүргізіліп жатыр

Бәйдібек ауданының әкімі ауылдық округтердегі бірқатар құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын құру бағытындағы жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл тұрғыда Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында да бірқатар жоспар жүзеге асырылып жатыр.


Мәселен, бірер күн бұрын аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жұмыс сапарымен Ақбастау, Боралдай ауылдық округтеріне барып, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Ақбастау елді мекенінде жүргізіліп жатқан ішкі көшелерді жөндеу жұмыстарымен танысты. Аталған жоба аясында Ақбастаудағы 11 ішкі көше жөндеуден өткізіліп, жаңадан асфальт төселіп, аяқ жолдар салынып, суағарлар мен көше шамдары орнатылып жатыр.


Сонымен қатар, аудан басшысы Боралдай ауылдық округіне қарасты Қаратас-Теректі елді мекеніне баратын автожолға асфальт төсеу жұмыстарын да бақылады. Мердігер мекемеге атқарылып жатқан әрбір жұмыстың сапасына мән беріп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.


Сондай-ақ, Ақжар елді мекеніндегі құрылысы аяқталуға жақын қалған ауызсу жүйесін де көрді. Құрылысты жүргізген мердігер мекеменің басшысымен кездесіп, бір апта көлемінде қалған жұмыстарды толық бітіру керегін ескертті.