Рашид Аюпов қауіпсіздікті күзетіп жүрген жандарды құттықтады

0
863

Шаһар басшысы Полиция басқармасының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.


Рашид Аюпов қауіпсіздікті күзетіп жүрген жандарды құттықтады

Рашид Аюпов қалалық Қорғаныс істері басқармасы мен Полиция басқармасының ғимаратына барып, қызметтерін мінсіз жауапкершілікпен, ізденіспен және аса ұқыптылықпен атқарып жүрген азаматтарды 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Күн сайын дамып келе жатқан облыс орталығында қорғаныс пен қауіпсіздік еш құлдырамауы тиіс. Оның нәтижелі жеміс беруі – Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз, әрине. Пандемияның алғашқы кезеңінде күн-түн демей қала мен тұрғындар қауіпсіздігін күшейтіп, «Түркістан – қауіпсіз қала» бастамасын жандандырып, қызмет еттіңіздер. Бұл бастамамен әлі де бірлігіміз жараса жұмыс істейтінімізге сенемін де. Орын алып жатқан оқиғалар да Сіздердің жылдам әрекет етулеріңізден сәтті аяқталуда. Сіздердің әрбір шешімдеріңіз бен атқарған істеріңізге алғыс айтамын», - деген Рашид Абатұлы қалалық Полиция басқармасының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтып, жобасы дайындалғанын хабарлады.
Басқарма басшылары да өз кезегінде қала әкіміне алғыс хат табыстап, қошеметтерін білдірді.