НАУРЫЗ: Түркістандық полицейлер арасында спорттық жарыс өткізілді

0
688

Спорттық сайыста тәртіп сақшылары бар күштерін салып, төзімділікпен жарысты, кәсіби шеберліктерін көрсетті.


НАУРЫЗ: Түркістандық полицейлер арасында спорттық жарыс өткізілді

Түркістан облысында полицейлер арасында Наурызға арналған спорттық жарыс өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Наурыз мерекесі қарсаңында, Түркістан облысы полиция департаментінде ұлттық спорт күніне орай полиция қызметкерлері арасында спорттық жарыс өтті. Іс-шара полицияның имиджін нығайту мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.


Гір тасын көтеру, армрестлинг пен арқан тарту бойынша өткен жарысқа департамент аппараты, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, патрульдік полиция қызметтерінен командалар қатысты. Спорттық сайыста тәртіп сақшылары бар күштерін салып, төзімділікпен жарысты, кәсіби шеберліктерін көрсетті.


Жарыс қорытындысы бойынша армрестлингтен І-орынды аға лейтенант Б.Әлімқұлов иеленді, ал гір тасын көтеруден полиция майоры Г. Шайханов ең мықты атанды. Арқан тарту сайысынан Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының командасы жеңіске жетті.


Іс-шара соңында жеңімпаздар мен командаларға грамоталар, медальдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді, сондай-ақ Наурыз мерекесімен құттықтау шарасы жүргізілді.