Арқан тартысқан келіндерге ел разы болды (видео)

0
1 922

​ERNUR.KZ. Наурыз мейрамы кезінде арқан тартысып сайысқа түскен келіндер тобы елді тәнті етті.


Арқан тартысқан келіндерге ел разы болды (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желі арқылы арқан тартысқан келіндер туралы бейнежазба көпшілікке таралды.

Наурыз мейрамы кезінде арқан тартысып сайысқа түскен келіндер тобы елді тәнті етті. Сенімді дереккөздің айтуынша, бұл сайыс Шымкент қаласы маңындағы Қайнарбұлақ елдімекенінде өткен. Қайнарбұлақта ұйымдастырылған Наурыз мейрамы кезінде ұлттық нақышта киінген ауыл келіндері екі топ болып арқан тартысып жарысады. Оған айнала тамашалаушылар разы болып, қолдау көрсетіп отырған.

Әлеуметтік желі арқылы таралған бейнежазбаға көпшілік разы болған пікірлерін қалдырды.

"Жарайсыңдар! Бәрінің бірдей ұлттық киім кигеніне разы болдым", "Қандай әдемі жарасады?", "Дәстүрлі ұлттық ойынымызды дәріптеп жүр", "Кім ұйымдастырса да, Алла разы болсын!", "Алдағы уақытта жалғасын табады деп сенеміз", "Келіншектердің арқан тартысы қызық болады екен" деген сынды пікірлерін жазған.

Видео әлеуметтік желіден алынды