Баланың кімге көбірек ұқсайтынының сыры неде?

0
1 605

Ертеректе жүкті әйелді әдемі заттар алып, музыкамен тыңдаса, онда ол міндетті түрде сұлу, келбетті бала босанады деп сенген.


Баланың кімге көбірек ұқсайтынының сыры неде?

Бала туылғаннан кейін бірден «кімге ұқсайды екен?» деген болжамдар айтыла бастайды. Бұл турасында түрлі сенім мен болжам бар. Ертеректе жүкті әйелді әдемі заттарға қарап, музыка тыңдаса, онда ол міндетті түрде сұлу, келбетті баланы дүниеге әкеледі деп сенген. Сондай-ақ жүкті әйелге шаш кескізбеген. Бұл іштегі балаға да зиян келтіреді және өмірі қысқа болады деп ырымдайды. Немесе бала өмірге келген күнде де бір жерінің кемістігімен дүниеге келуі мүмкін деп болжанады. Қазір де генетиктер құрсақта жатқан баланың барлық нәрсені сезе білетінін айтады. Кейбір елдерде болашақ ана жүктілік кезінде кімді көбірек ойласа соған ұқсайды деген сенім бар.


Баланың кімге ұқсайтыны неге байланысты

Іс жүзінде бұл сұрақтың жауабын биология пәнінен табуға болады. Жүкті болу кезінде гендік ақпарат балаға Y и X хромосомалары арқылы беріледі. Сондықтан балалар көбіне өз ата-аналарына ұқсап жатады.


Күшті және әлсіз ген

Баланың кімге ұқсайтынын болжау қиын. Дегенмен шамалауға болады. Басылыңқы (рецессивті) және үстем (доминантты) ген теориясы бәріне белгілі болар. Балалар көбіне доминантты генге ие болады.


Ата-ана мен баланың сырт келбеті

Баланың сырт келбеті мен жынысы қатты маңызды болмауы керек. Бірінші кезекте сәбидің денсаулығы. Жоғарыда айтылғандай баланың сыртқы ерекшеліктері, мінезі, тіпті адам өміріндегі ең маңызды шешімдерді қалай қабылдайтыны - оның алған гендеріне байланысты. Нәресте бұл генетикалық материалдың 50%-ын анасынан, 50%-ын әкесінен алады.

Бірақ ата-аналардың әрқайсысы өз кезегінде гендердің 50% -ын ата-анасынан алып, өзінің ұрпағына мұра ретінде қалдырып отырады. Осы тұрақты араласулардың нәтижесінде (генетиктер айтқандай, «қиылысулар») әрбір адамның жасушасында тұтас генетикалық коктейль қалыптасады.

Мықты генге көбіне қара көз, қараторы тері және томпақ ерін, үлкен мұрын жатады. Алайда, баланың толық келбеті ата-ана генінің ортақнәтижесінен анықталатынын ұмытпайық. Генннің араласуынан кейде бала ата-ананың екеуіне де ұқсамауы мүмкін.

Көздің түсі үшін геннің қосылысы жауап береді. Егер ата-анасының екеуінің көзінің түсі қара болса, онда баланың көзі ашық түсті болуы екіталай. Қоңыр немесе ашық түсті болса, көбіне қоңыр, қой көзді болады. Көзінің түсі ашық ата-ананың гені мықты болса, ашық түске тартып кетеді.

Ал қазір генетиктер зияткерлік қабілет анасы жағынан беріледі деген болжам айтуда. Себебі, әйел баласында екі Х-хромосома бар. Оның үстіне әйелдердегі хромосомалар белсенді болады.

Жаңа туған нәрестені кімге ұқсайды деп болжаудың қажеті жоқ. Бала тек бес жасқа келгенде ғана сәйкестендіріп қарауға болатын сырт келбет қалыптасады. Есесіне ата-анасының жүзіндегі, ісіндегі әрбір қимылды бала айнытпай қайталауға тырысады. Сондықтан баланың көзінше ата-ана өз әрекеті мен қимылына абай болғаны дұрыс.


Дереккөз: medaboutme.ru.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.