Бала ауырмасын десеңіз, УАЙЫМДАМАҢЫЗ

0
3 377

Қорқыныш пен уайым ауру мен қауіпті өзіне тарта түседі.


Бала ауырмасын десеңіз, УАЙЫМДАМАҢЫЗ

Кез-келген ата-ана, әсіресе аналар қауымы баласының өмірі мен денсаулығын уайымдап, қорқып жүреді. Бойды билеп алған уайым ойдан ешқайда қашып құтылмайсың. Не себепті баланы уайымдауға болмайды және қорқыныштан қалай арылуға болады?


Өмірге бала келген соң ата-ана атанған жас жұптың, әсіресе бірінші кезекте баланың анасының өмірі түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Барша жұрттың назары балада болады. Балама бірдеңе болып қалмады ма екен деген ой, үнемі маза бермейді, тіпті бала ер жетіп, есейіп кетсе де. Баланы барша жамандықтан қорғау үшін, қадағалауды, шектеуді күшейтеді. Бар қамқорлығын және қорғанышын сыйлайды. Алайда көптеген аналар осындай қамқорлығы мен санасын билеген қорқыныш пен уайымның ауру мен қауіпті өзіне тартатынын білмейді.


"Дүниеге тұңғышым келген соң біраз уақыт бала көтермей жүрдім. Сол кезде жалғыз қызым, тұңғышым үшін өте қатты уайымдайтын едім. Қасында өзім жоқ болсам қызыма бірдеңе болып қала ма деген неше түрлі жаман ойлар басыма қонып, қорқыныш бойымды билейтін. Мүлде дұрыс жұмыс істей алмай, қыдыруды да доғардым. Барлық жерге тек жолдасым баратын. Мен баланы ауыртып алмайын, көз тиіп қалмасын деумен жүрдім. Тіпті күйеуім мен жақындарыма, ата-енем, ата-анама уақытша қалдырып кетсем де бірдеңе болып қала ма деген уайымнан арала алмайтынмын. Әрине бұл жағдай өзіме ұнамайтын, бірақ өзіме ештеңе істей алмайтынмын.

Екінші баламды бес жылдан кейін өмірге алып келдім. Оның туғаннан жүрегінде ақауы бар болды. Баламнан айрылып қалам ба деген қорқыныш мені түнгі ұйқыдан, дұрыс өмір сүруден қалдырды. Басымда тек қорқыныш, үрей ғана болды. Солай жүргенде артынша көтеріп, қыз босанып алдым. Ортаншы баламның мәселесімен жүріп, дәрі-дірмек, екпе, үнемі дәрігерге қаралып жүрумен қызымды онша уайымдай қоймадым. Қызым көп ауырмайтын, ауырса жеңіл өткеретін. Қызыма қарап, барлығы жақсы болады, иммунитеті мықты ғой деп ойлап өзімді сабырға шақыратынмынн.

Уақыт өте шынымен де балаларымда бәрі жақсы болуы үшін ең алдымен өз ойымды жақсартып, өзіммен жұмыс істеуім керектігін түсіндім. Жаман ойлар жамандық шақырып тұрады екен. Ойымды жақсартып, бәрі жақсы болатынын ойлап, қорқыныш пен уайымнан арылған сайын баламның да денсаулығы түзеліп, өмірім жарқын бола бастады. Тіпті кейін дәрігерге де өте сирек қаралатын болдық".


Кейде осы ата-анасы өте аз көңіл бдөлетін, көшеде жүрген балалар ауырмай ма деген ойға келіп жатамыз. Мұндай балалар өмірге ерте бейімделеді және жетістікке де жетеді. Ал үнемі ата-анасының көзінен таса болмайтын, ауа-райына қарай киіндіріп, барын алдына тосып ішіп-жегізіп, асты-үстіне түсіп отырған бала жиі ауырып немесе үнемі бірдеңеге ұрынып жүреді. Көңілді аз бөлетін ата-аналар баласының айналасына жағымсыз аура құрмайды және жамандық шақырмайды. Әрине бұл деген баланы көшеге шығарып жіберіп, қараусыз қалай болса солай жүрсін деген нәрсе емес. Бар болғаны қорықыныш пен уайымнан арылу.


Ана мен бала арасындағы байланыс

Физикалық әлемнен өзге көзге көрінбейтін, адамның түсінігіне енбейтін өзгеше әлем бар. Ол – сезім әлемі, көңіл. Бұл адамның өміріне қатты әсер етеді.

Кез-келген ой өмірге әсер етеді. Кез-келген сезім – бұл энергия жиыны. Оны көріп, қолмен ұстай алмасақ та адамға әсер етеді. Қорқыныш, үрей сезімі – бұл өте үлкен эмоция және оның энергиясы да күшті. Сондықтан уайымдап, қорыққан кезде бізді нашар энергия қоршай бастайды. Біз қаттырақ қорыққан сайын жаман энергияны магнит секілді тарта береміз. Солай неден қатты қорықсаң сол нәрсе міндетті түрде болады. Бұл тылсым әлемнің жазылмаған заңы.

Ана мен бала арасындағы сезім байланысы өте күшті. Кез-келген ана баласына бір нәрсе болғанын жүрегімен сезеді. Тіпті баласы 30 дан асып кетсе де. Бала да антенна секілді анасының бар сезімін сезе қояды.Сондықтан әр ана өзінің сезімін бақылай, тежей алатын болғаны дұрыс. Анасы уайымшыл, қорқынышпен жүретін балалар қыңыр, аурушаң, әлсіз болып келеді. «Балам сондай әлсіз, аурушаң» деген сайын, ол тура сондай болып өседі. Егер анасы сабырлы, жайлы болса, онда бала да сабырлы, психологиялық және физикалық тұрғыдан сау болып өседі.


Қорқыныш пен үрейден арылу үшін не істеу керек?

Жаман ойдың барлығын қуыңыз. Ойша басыңызға қамал тұрғызыңыз. Ол қамал кез-келген жаман ойды кері итеру қажет.


Қорқыныш пен үрейден арылтатын арнайы жаттығу

«Бәрі жақсы болады» ойды миға орнықтыру үшін адам өз-өзімен көп жұмыс жасауы керек. Алайда бұл тәсіл тым әлсіз. Бірақ шет елде танымал психолог маманның уайым қорқыныштан арылтатын ерекше жаттығуы бар екен. Бұл жаттығуды тек бала үшін уайымдап қорыққанда ғана емес, кез-келген маза қашып, дегбірсізденіп, бойды қорқыныш билегенде де пайдалануға болады.

Жаман ойдан көз алдыңызға тура сол нәрсе болып жатқандай көрініс, сурет пайда болады. Жаттығу бойынша сол көріністің аяғы жақсы болатындай нәрсе ойлап табыңыз. Мысалы, кейде мынандай қорқыныш болады: әлі жүре алмайтын балаңызды үйде жалғыз қалдырдыңыз. Ондай кезде бірден көз алдыңызға оның қатты құлап қалғаны, бір жерін ұрып алғаны, ауруханаға апара жатқаныңыз көз алдыңызға тура болып жатқандай елес береді. Жаттығу бойынша ондай кезде «балама ештеңе болмайды, апасымен, атасымен т.б қалдырдым ғой. Тіпті құалап қалған болса да жанында ересек жандар бар, қатты сүрінуге жеткізбейді» деп ойланып жақсы жағына қарай шығу қажет.


Дұға-тілек

Дұға-тілек – адамды көп жамандықтан қорғайтын ғажайып сөздер. Сондықтан дұға етіп, тілек тілеуді ұмытпаған дұрыс.

Балаларыңыз қай жаста болса да қатты ренжи көрмеңіз. Үнемі тек жақсы болуын тілеп, жақсы ой ойлаңыз. Сол кезде барлығы сіз қалағандай болады.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз: Альфа немесе дельта: Әйелдердің 6 түрі


Ата-ананың шектен тыс махаббаты баланы өзімшіл етеді