Үшінші мегаполисте "Бірге жүгірейік" челленджі басталды

0
2 398

14 жасқа дейінгі спортшылар қатысты.


Үшінші мегаполисте

Шымкентте Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған "Бірге жүгірейік" челленджі бастау алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

24 наурызда алғаш болып шымкенттік спортшылар қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған "Бірге жүгірейік" челенджін бастады.
Челлендж Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында бұқаралық балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында спорт қайраткері Сергей Цырульниковтың бастамасымен жүзеге асып отыр.
Мұнда бағдарламаға сәйкес 14 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Іс-шараның арнайы қонағы күш нөмірлері бойынша әлемнің 4 дүркін рекордсмені, Гиннесс кітабының рекордсмені және Қазақстанның 5 дүркін рекордсмені Сергей Цырульников болды.⠀
Мәреге бірінші келген 150 спортшыға атаулы сертификаттар берілді.