Регби: Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

0
902

Ел құрамасы дəстүрлі бəсекеде 7 ойынның барлығында жеңіске жетті.


Регби: Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

ERNUR.KZ. Регбиден Қазақстан əйелдер құрамасы Нидерланд астанасында өткен Amsterdam Sevens халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ел құрамасы дəстүрлі бəсекеде 7 ойынның барлығында жеңіске жетті. Бұл қатарда Латвия құрамасы мен Нидерландтың жоғарғы дивизионындағы клубтар бар.

Айта кетсек, ел құрамасы финалда былтыр да аталған турнирде жеңімпаз атанды. Ал, 2019 жылы қазақстандық «Алматы» клубы турнирдің жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Халықаралық турнирдің 50 жылдық тарихы бар. Жарыс Еуропадағы беделді турнирдің бірі саналады. Турнир алғаш рет 1972 жылы өтті.

Еске салсақ, бұдан бұрын регбиден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері болды.