Магомед Адиев Ресейдің "Ахмат" командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды

0
1 012

Магомед Адиев 2022 жылдан бері Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келеді.


Магомед Адиев Ресейдің

ERNUR.KZ. Бұл қызметін ол Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметімен қоса атқара береді, деп жазады inbusiness.kz.

Магомед Адиев 2022 жылдан бері Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келеді. Содан бері 22 ойынның 11-де жеңіске жетіп, 1-де тең ойнаса, қалғанында қарсыластарға есе жіберді.

Екі жылдан бері еліміздің ұлттық құрамасы көптеген халықаралық жарыстарда жоғары нәтижесімен көзге түсіп келеді.

2022/2023 жылдарда Ұлттар лигасында С дивизионында өз тобында бірінші орын алып, биыл В дивизионында сынға түсуге мүмкіндік алды.

Енді қыркүйек-қараша айларында В дивизионында үшінші опта Австрия, Словения және Норвегиямен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында ел құрамасы 18 ұпай жинап, өз тобында үшінші орын алды. Бұл - құрама тарихындағы үздік көрсеткіш.

Магомед Адиев 1994-2009 жылдар аралығында ресейлік және қазақстандық клубтардың намысын қорғады. 2010 жылдан бері бапкерлікке бет бұрып, реейлік және еліміздің "Шахтер" клубында жетекшілік етті.