Күрестен Азия чемпионаты: Үш балуанымыз алғашқы белдесуде жеңіске жетті

0
249

65 келідегі Мұхтар Санжар палестиналық балуанды мерзімінен бұрын жеңді.


Күрестен Азия чемпионаты: Үш балуанымыз алғашқы белдесуде жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Бішкекте басталған күрес түрлерінен Азия чемпионатында екі қазақ балуаны жарысты жеңіспен бастады, деп жазады inbusiness.kz.

70 келідегі Мейіржан Әшіров түркменстандық Перман Хоммадовты жеңсе, 97 келідегі Ризабек Айтмұхан қырғызстандық Андрей Ароновтан 6:0 есебімен жеңіске жетті.

65 келідегі Мұхтар Санжар палестиналық балуанды мерзімінен бұрын жеңді.

Келесі кезеңде Әшіров Тәжікстан балуанымен, Айтмұхан Өзбекстан өкілімен белдеседі.