Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында әлемдік рекордты жаңартты

0
533

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында Португалия J тобында Лихтенштейн құрамасымен кездесіп жатыр.


Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында әлемдік рекордты жаңартты

ERNUR.KZ. Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында ойын көрсету жөніндегі әлемдік рекордты жаңартты, деп жазады ҚазАқпарат.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында Португалия J тобында Лихтенштейн құрамасымен кездесіп жатыр.

Аталған матчта Криштиану Роналду негізгі құрамда жасыл алаңға шықты.

Бұл - португалиялық шабуылшының ұлттық құрама сапындағы 197 ойыны. Осылайша ол әлемдік рекордты жаңартып отыр.

Криштиану Роналду Кувейт сапында 196 ойын өткізген Бадер Аль-Мутавты артқа тастап кетті.

Сондай-ақ, Малайзия құрамасынан Со Чин Энна ұлттық құрама жейдесінде 195 кездесу өткізген еді.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында Словенияға 1:2 есебімен жол берді.