Хоккейден әлем біріншілігінде Қазақстан қақпашысы үздік атанды

0
1 197

Никитин әлем біріншілігінде орта есеппен соққылардың 94,44 пайызын қайтарған.


Хоккейден әлем біріншілігінде Қазақстан қақпашысы үздік атанды

ERNUR.KZ. Қазақстан командасының қақпашысы Владимир Никитин Будапештте өткен бірінші дивизиондағы әлем чемпионатының үздік қақпашысы атанды, деп жазады ulysmedia.kz.

Никитин әлем біріншілігінде орта есеппен соққылардың 94,44 пайызын қайтарған.

Сондай-ақ, ол басқа қақпашылармен салыстырғанда мұз айдында көп уақыт өткізді. Бас бапкері Владимир Никитинді бес кездесудің барлығына да қатыстырды.

Турнир барысында Қазақстан командасының қақпашысы 119 сейв жасаған. Владимир Никитин турнирдің үздік қақпашысы атанып қана қоймай, Қазақстан командасының үздігі деген атаққа да лайық деп танылды.