Қазақстан құрамасы жасөспірімдер олимпиадасында хоккейден қола жүлдеге ие болды

0
442

Біздің құраманың қоржынында қазір үш медаль бар.


Қазақстан құрамасы жасөспірімдер олимпиадасында хоккейден қола жүлдеге ие болды

ERNUR.KZ. Канвон қаласында (Оңтүстік Корея) Аустрия мен Қазақстан құрамалары арасында 3х3 хоккей турнирінде үшінші орынға таласты, деп жазады Inbusiness.kz.

Қазақстан мықты қарсылас болып шықты.

Матч 6:5 есебімен аяқталып, Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.

Біздің құраманың қоржынында қазір үш медаль бар.

Бұған дейінгі медальді Илья Мизерных бірінші (шаңғымен секіру) болып әкелді. Одан кейін Полина Омельчук шорт-тректен қола жүлдегер атанды.