Канвон-2024: қазақстандық хоккейшілер қола жүлдеге таласады

0
686

Біздің хоккейшілер финалға шығу үшін Латвиямен ойнады.


Канвон-2024: қазақстандық хоккейшілер қола жүлдеге таласады

ERNUR.KZ. Қазақстан хоккей командасы Канвон-2024 жасөспірімдер олимпиадасының жартылай финалында жеңілді, деп жазады zakon.kz.

Біздің хоккейшілер финалға шығу үшін Латвиямен ойнады. Кездесу 19:5 есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді.

Осылайша, Қазақстан үшінші орын үшін матчқа қатысады. Қарсылас екінші жартылай финалда анықталады. Мұз айдынында Аустрия мен Дания кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін хоккейден Қазақстан жастар құрамасы (3х3) Оңтүстік Кореяның Гангвон қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыққанын жазған едік.