Футзалдан Қазақстан құрамасының алдағы ойындарға қатысатын ойыншылары анықталды

0
479

Қазақстандық футзалшылар биыл 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда болатын дүбірлі додаға жолдама алды.


Футзалдан Қазақстан құрамасының алдағы ойындарға қатысатын ойыншылары анықталды

ERNUR.KZ. Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының алдағы оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылар тізімі белгілі болды, деп жазады inform.kz.

Ел құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака сәуірдегі оқу-жаттығу жиынына тек Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін ойыншыларды шақырды. Ал Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов және Дуглас жарақаттарына байланысты жиынға қатыспайды.

Алдағы оқу-жаттығу жиынында бас бапкер Лео Игита, Нарун Серіков, Қанат Жеткірбаев секілді қақпашылардың дайындығын пысықтап көреді.

Сондай-ақ, Арнольд Кнауб, Эдсон, Жаһангир Рашит, Дамир Қайырбай, Асхат Көлбаев, Егор Нулет, Әбдірасул Әбдіманаұлы, Азат Валиуллин, Антон Рындин, Шыңғыс Есенаманов, Райымбек Жұма, Ринат Төреғазин, Батырхан Кенжеғали, Төрехан Досов, Нұрқанат Бақтияровқа сенім артады.

Оқу-жаттығу жаттығу жиыны аясында футзалдан ел құрамасы Тараз қаласында Қырғызстан және Өзбекстан құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Ел құрамасы алдымен 4 сәуірде жабық режимде Қырғызстанмен ойнайды. Одан кейін 7 және 9 сәуір күндері Өзбекстанмен шеберлік байқасады.

Қазақстандық футзалшылар биыл 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда болатын дүбірлі додаға жолдама алды.