ЕҰУ чемпион Санжар Тәшкенбайды қайта оқуға қабылдауға дайын екенін мәлімдеді

0
462

2021 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне грантқа, оқытушы-жаттықтырушы мамандығына түскен, бірақ оқудан шығып қалған.


ЕҰУ чемпион Санжар Тәшкенбайды қайта оқуға қабылдауға дайын екенін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Санжар Тәшкенбай өзі ниет білдірсе, белгіленген ережелер аясында оны қабылдауға дайын екенін мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Айта кетсек, Санжар Тәшкенбайдың 2021 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне грантқа, оқытушы-жаттықтырушы мамандығына түскені, бірақ оқудан шығып қалғаны туралы желіде жазба жарияланған болатын. Осыған қатысты аталған ЖОО баспасөз қызметі ақпарат таратты.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Санжар өзінің жеке өтінішімен оқудан шықты. Университет талантты студенттер мен түлектерді қолдайды. Біз барлық қазақстандық секілді Санжардың жеңісімен мақтанамыз және оған жаңа жетістіктер тілейміз. Санжардың өзі ниет білдірсе, университет белгіленген ережелер аясында оны қабылдауға дайын", деп el.kz Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сілтеме жасап хабарлайды.