Чемпиондар лигасының ширек финалында жеңімпаздар анықталмады

0
284

Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында кездескен ағылшындық “Арсенал” мен Германия чемпионы мюнхендік "Бавария" "Эмирейтс" стадионында тең түсті.


Чемпиондар лигасының ширек финалында жеңімпаздар анықталмады

ERNUR.KZ. Чемпиондар лигасының ширек финалында жолыққан командалар арасында тең нәтиже тіркеліп, жеңімпаздар анықталмады, деп жазады stan.kz.

Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында кездескен ағылшындық “Арсенал” мен Германия чемпионы мюнхендік "Бавария" "Эмирейтс" стадионында тең түсті. Тартысқа толы өткен матчта 2:2 есебі тіркеліп, ағылшындық команда сапынан Букайо Сака мен Гарри Кейн көзге түсті. Ал немістер қатарында Сержа Гнабри мен Леандро Троссард гол соғып, командасын жеңілістен құтқарып қалды.

Соңғы Чемпиондар лигасының чемпионы "Манчестер Сити" "Сантьяго Бернабеу" стадионында аты аңызға айналған мадридтік "Реалды" жеңе алмады. Ойынның екінші минутында Бернарду Силва ағылшындықтарды алға шығарса, араға он минут салып Рубен Диаш өз қақпасына гол соғып, есепті теңестірді. "Реал Мадридтің" сұрмергені Родриго 14-минутта командасын алға шығарды. Екінші таймда Фил Фоден есепті теңестірсе, Йошко Гвардиол үшінші голды соқты. Дегенмен 79-минутта Федерико Вальверде есепті теңестіріп, матч 3:3 есебімен аяқталды. Енді жеңімпаздар қарымта ойында анықталады.

Айта кетейік, бұл құрамалар арасындағы қарымта кездесу 17 сәуір күні өтеді.