Тұрғындарды бопсалаған: Шымкентте патрульдік полиция полкі ротасының командирі қамауға алынды

0
1 010

Жиналған материалдардың нәтижесінде күдікті ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды.


Тұрғындарды бопсалаған: Шымкентте патрульдік полиция полкі ротасының командирі қамауға алынды

ERNUR.KZ. Шымкентте қала тұрғындарының бопсалау және делдалдар арқылы пара алу жайты туралы арызы бойынша патрульдік полиция полкі ротасының командиріне қатысты Шымкент қаласы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қылмыстық іс қозғалды.

Жиналған материалдардың нәтижесінде күдікті ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды.

"Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылығы заңды теріс пайдалану мен антты бұзудың кез келген көрінісіне қатаң ден қояды.

Бұрынғы еңбегіне қарамастан, бірде-бір кінәлі тұлға мундирдің абыройына нұқсан келтіретін әрекеттері үшін жауапкершіліктен құтыла алмайды",
деп хабарлады Шымкент ПД баспасөз қызметі.