Шымкенттік дәрігер күнделікті 400-ден аса адамға вакцина салады

0
383

Дәрігер 18 жылдан бері медицина саласында жұмыс істейді.


Шымкенттік дәрігер күнделікті 400-ден аса адамға вакцина салады

Шымкент қаласында егу пунктері күнделікті таңертеңнен бастап, түнгі сағат 24:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Медицина мамандары емханада демалыс күндері, тіпті түскі үзіліске қарамастан, азаматтарға медициналық қызмет көрсетуде.

Тұрғындарға күнделікті вакциналау жұмыстарын жүргізетін дәрігерлердің бірі – № 13 қалалық емханасының медбикесі Диляра Хусанова.
Д.Хусанова елімізде жаппай вакциналау жұмыстары басталғаннан бері емханада үзіліссіз аянбай еңбек етуде. Білікті дәрігер күн сайын 400-ден аса адамға ковидке қарсы вакцина салады.
– Өз еркімен вакцина алуға келген азаматтарға екпенің пайдасы туралы айтып өтеміз. Қазір оң пікір қалыптасып келеді. Сол себептен де күннен- күнге екпе алушылардың қатары артып отыр, – дейді дәрігер.
Айта кетейік, орта буын өкілі 18 жылдан бері медицина саласында жұмыс істейді. Бүгінге дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында біліктілігін арттырып, халықтың саулығы үшін қызмет етуде.