Шымкенттегі №3 қалалық ауруханаға бас дәрігер тағайындалды

0
2 470

Тәжірибелі дәрігер еңбек жолын 1998 жылы бастаған.


Шымкенттегі №3 қалалық ауруханаға бас дәрігер тағайындалды

Шымкенттегі №3 қалалық аурухананың бас дәрігері қызметіне Сәрсен Пернебеков тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сәрсен Махамбетұлы - бас миы және жұлынның оталарын жасайтын білікті нейрохирург. Тәжірибелі дәрігер еңбек жолын 1998 жылы қалалық жедел жәрдем ауруханасындағы жансақтау бөлімінің дәрігері болып бастаған. 2004 жылы нейрохирург дәрігер қызметіне ауысып, инсульт алған науқастарға күрделі ота жасай бастаған. Ал 2013 жылы жедел жәрдем ауруханасында бас дәрігердің медицина қызметінің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған.
2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Сәрсен Пернебеков №2 қалалық ауруханасына бас дәрігер болып тағайындалды, бас дәрігерлік қызметпен бірге Шымкент қаласының бас нейрохирургі қызметін қоса атқарған. Білікті басшы аурухананың емдеу мүмкіндігін арттыруда аянбай еңбек етіп, оң жетістіктерге қол жеткізді.
Бүгінге дейін алтын қолды нейрохирург Ресей Федерациясында, Белорусь Республикасында нейрохирургия мамандығы бойынша біліктілігін арттырған, ауыр жағдайда ауруханаға түскен 1000-нан аса науқасқа күрделі ота жасап, ажалдан арашалап қалған.