Шымкентте жастармен "TED" форматтағы кездесу өтті

0
608

Жастардың мәселесі, мәдениеті мен даму бағыттары ортаға салынды.


Шымкентте жастармен
ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жастармен "TED" форматтағы кездесу өтті.

Еркін форматтағы кездесуде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деген тақырыптағы сұхбатының аясында қазақстандық жастардың мәселесі, мәдениеті мен даму бағыттары ортаға салынып талқыланды.

Жиын барысында Жастар ресурстық орталығы мекемесінің басшысы Заманбек Оралбекұлы, «Парасат» колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Абзал Темірбайұлы, журналист, қоғам белсендісі Элмира Тұрлыбек өз ойларын айтып, пікірлерімен бөлісті.