Шымкентте "жалған полицей" ұсталды (видео)

0
747

Бұған дейін ер адам өзін тәртіп сақшысымын деп таныстырып, азаматтарды да алдаған.


Шымкентте

сурет: Шымкент қаласы ПД жариялаған видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында көлік тізгіндеген жалған полицей ұсталды.


Бұған дейін ер адам өзін тәртіп сақшысымын деп таныстырып, азаматтарды да алдаған. Ол бірнеше рет алаяқтық жасағаны, жүргізуші куәлігінсіз мас күйде көлік жүргізгені және жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін сотталған. Алайда, ол өткен қателігінен сабақ алмай, бұрынғы әдетіне қайта басқан.


Тараз тұрғыны түнгі 03:20-да LED жарық шамын таққан көлікті айдап келе жатқанда патрульдердің көзіне түскен. Ол тәртіп сақшыларына құжатын көрсетуден үзілді-кесілді бастартып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, босатуды талап еткен.

Полицейлер ер адамның оғаш әрекеттерінен күмәнданып, медициналық тексеруден өтуін сұраған. Ұсталған азамат есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.

Ол көлік жүргізу құқығынан айырылса да, қайтадан рөлге отырған. Аталған жайт ҚР ҚК 346-бабы бойынша тіркелді.
Сондай-ақ, құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 590 - бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» және 230 – бабы «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.