​Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қамауға алынды (видео)

0
497

Автокөліктерді заңсыз иемденіп алған.


​Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қамауға алынды (видео)

сурет: ұстау сәтіндегі видеодан скриншот

Шымкентте қалалық ПД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында бопсалаушылар тобын құрықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Топ мүшелері 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Олардың басым бөлігі бұрын соңды бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Ұсталғандар ұзақ уақыт бойы жергілікті екі кәсіпкерден қоқан-лоқы көрсету және күш қолдану арқылы ақша бопсалап, "BMW" мен "ВА3-2114" автокөліктерін заңсыз иемденіп алған. Тексеру кезінде төрт атыс қаруы оқ-дәрілерімен, есірткі құралдары және өзге де заттай айғақтар тәркіленді.
Полицияға он адам жеткізілді, оның ішінде топтың ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.