Шымкентте Наурызға арналған 10 күндік мерекелік іс-шара «Көрісу» күнімен басталады

0
352

Шымкентте де осы онкүндік аясында түрлі іс-шаралар белгіленіп, тойланбақ.


Шымкентте Наурызға арналған 10 күндік мерекелік іс-шара «Көрісу» күнімен басталады

Биыл республика бойынша Ұлыстың ұлы күнін тойлау үшін 14-23 аралығында онкүндік өтеді. Бұл - мерекені тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған онкүндік болып отыр. Осыған орай, әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, терең мазмұн-мәнге ие болды.

Шымкентте де осы онкүндік аясында түрлі іс-шаралар белгіленіп, тойланбақ.
Үшінші мегаполисте онкүндіктің алғашқы күні «Көрісу» күнімен басталады.
«Көрісу» күнінің маңыздылығы - ұрпақты татулық пен бауырмалдыққа тәрбиелеу, ізеттілік пен мейірімге баулы үрдісінде.
«Көрісу» күніне арналған іс-шара 14 наурыз күні сағат 10:00-де белгіленген 3 орындарда «Астана», «Арбат» алаңындары мен «Абай» саябағында өтеді. Сондай-ақ, қаланың Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры, Әл-Фараби кітапханасы, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, архив, көрме, «Түркістан» сарайы, Тілдері оқыту - әдістемелік орталығы, Өзбек драма театры, «Шым-қала» кешені, А. Пушкин, жасөспірімдер кітапханасы, Әзіл-сықақ және сатира театры, Ерлік музейі, Балалар кітапханасы, Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі, Цирк ғимараттарының маңында да көрісу күніне арналған мерекелік-іс-шаралар жалғасады.
Негізгі іс-шара сағат 12:00-де Орыс драма театрының ғимаратының маңында болады. Ол жерде ұлттық ойындар, қошқар көтеру, арқан тартысу, қазақ батырларының сайысы ұйымдастырылады.
Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері бірі-бірімен кездесіп, халыққа сәлем береді.
Сондай-ақ, театр сахнасында тікелей эфирде шетелде жүрген бауырлар мен шекара күзетуші сақшылардың аналарымен, туысқандарымен көрісуі тамашаланып, театрландырылған көрініспен ашылып, мәдениет мекемелерінің концерттік бағдарламасына жалғасады.
Іс-шараға Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары да қатысады.
«Көрісу» күні Опера және балет театрының хор ұжымы, Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары, Қазына, Шамсинұр, Қарагөз би ансамбльдері өнер көрсетеді.