Шымкентте “белгісіз вирус” тіркелмеді

0
542

Әлеуметтік желіде «Неизвестный вирус поражает жителей Шымкента» деген ақпарат тараған болатын.


Шымкентте “белгісіз вирус” тіркелмеді

Шымкент қаласында ешқандай “белгісіз вирус” тіркелмеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлеуметтік желіде «Неизвестный вирус поражает жителей Шымкента» деген ақпарат тараған болатын.

Бұл ақпаратты Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті растамады.

Ведомство мәліметінше, қалада ешқандай “белгісіз вирус” тіркелмеген.
“Бұл маусымдық жіті респираторлы вирустық инфекцияның (ЖРВИ) бір түрі. Сондықтан, қала халқына негізсіз алаңдауға себеп жоқ”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, қала бойынша өткен жылдармен салыстырғанда ЖРВИ аурушаңдығының біршама өсуі байқалғанымен, қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Шымкент қаласында 2021 жылғы 1 қазаннан бастап ЖРВИ-дің 180783 жағдайы тіркелген. 2019-2020 жылдардағы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда ауру бір деңгейде.

Шымкент қаласында халық арасындағы тұмау және ЖРВИ аурушаңдықтарының эпидемиологиялық ахуалы бақылауда.