Шымкентте 6 жасар бала бассейінге құлап, көз жұмды

0
579

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Шымкентте 6 жасар бала бассейінге құлап, көз жұмды

Шымкентте 6 жасар бала бассейінге құлап, суға батып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"04 шілде күні сағат 16:37-де Қаратау ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі, Шанин көшесі 34/1, мекенжайда орналасқан бассейнге 2016 жылы туған бала абайсызда құлап, қайтыс болды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 2 қызметкері мен 1 бірлік техника шықты.