ШЫМКЕНТ: «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0
461

Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары жөнінде ақпараттармен таныстыру.


ШЫМКЕНТ: «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы аясында Теріскей ауданында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары жөнінде ақпараттармен таныстыру. Түсіндірме жұмыстары барысында аудан жастарына мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5% несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар тарқатылды.

Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді топ», «Қырғы» базарында мемлекеттік бағдарламалар мен «Неке шеберлікті талап ететін іс» тақырыбында кітапшалар тарқатылып ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстары барысында Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: “Жастар практикасы”, “2,5% агро несие”, “Алғашқы бос жұмыс орны” бағдарламалары түсіндірілді.
Сонымен қоса, “Неке шеберлікті талап ететін іс”, “Жақсы ата-аналар құпиясы, бақытты бала өсірейік» тақырыбында кітапшалар тарқатылып, Жастар ресурстық орталығының жұмысы мен психологиялық кеңес жөнінде ақпараттар айтылды.

Айта кетейік, жастар ресурстық орталығы мен Отбасылық кітапхана жүйесінің бірлесе ұйымдастыруымен №50 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына, “Жастар мен жасөспірімдердің мазасыздық денгейін диагностикалау” тақырыбында арт-терапиялық семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингте проблема ретінде жастарда арасында көптеп табылатын тұлғалық ерекшеліктер, сенімсіздік, қорқақтық, жалқаулық сынды жағымсыз мінез-құлықтардан арылу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.