ШЫМКЕНТ: вакцинация – ең тиімді және ыңғайлы профилактикалық әдіс

0
293

Биыл Ұлттық иммундау күнтізбесіне адам папилломавирусына (АПВ) қарсы егу енгізілген.


ШЫМКЕНТ: вакцинация – ең тиімді және ыңғайлы профилактикалық әдіс

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы қосымша егу жүргізу қажеттілігін ескертеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әсіресе, балаларды вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулардан қорғау және адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялаудың маңызы зор.
Осыған орай Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың таралуының алдын алу мақсатында 2024 жылы жоспарлы егулерін алмаған 18 жасқа дейінгі балаларға міндетті иммунопрофилактикалық ұлттық күнтізбесіне сәйкес қосымша иммундау жүргізіледі.
Соңғы уақытта халық арасында кейбір вакцинамен басқарылатын инфекциялардың көбеюі байқалады, мысалы, қызылша, көкжөтел, А вирустық гепатиті және т.б., яғни эпидемиологиялық жағдайды күрделендіреді.
Ескеретін жайт, қоғамда екпе алмағандар мен вакцинадан бас тартқандар көбейсе, ұжымдық иммунитет төмендейді, сондай-ақ қоршаған ортада инфекцияның қоздырғышы көбейгеннен күшейіп, ауру адамдар арасында өрши бастайды.
Сондықтан, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 360-VI Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 95-бабы 1-тармағының 25) тармақшасының талаптары негізінде профилактикалық егулерді жүргізу ұйымдастырылады.
Кодекстің 85-бабының 6-тармағына сәйкес міндетті профилактикалық егулер жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес жасына жеткен және медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға жоспарлы профилактикалық егулер жүргізіледі.
Айта кетерлік маңызды жағдай, биыл Ұлттық иммундау күнтізбесіне адам папилломавирусына (АПВ) қарсы егу енгізілген. АПВ – вакцинамен басқарылатын инфекция.
ҚР ДСМ мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарды АПВ жоғары онкогендік түрлеріне қарсы 4 валентті вакцинамен вакциналау жоспарланған. АПВ-ға қарсы вакцинаны 6 ай интервалмен 2 рет егу жүргізіледі. 2-валентті вакцинаның құрамында 6, 11, 16, 18 түрлеріне қарсы 16, 18 және 4-валентті типтерге қарсы АПВ антигендері болады. Қолданыстағы вакциналардың тиімділігі өте жоғары.
АПВ-ға қарсы вакцина әлемнің 110-нан астам елінде, соның ішінде Өзбекстан Республикасы мен Қырғызстан сияқты көршілес елдерде енгізіледі.
Осыған байланысты ҚР әрбір азаматы қырағылық танытып, адамдар арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялардың өсуіне жол бермеуі қажет.