​ШЫМКЕНТ: сусын шығаратын зауыттың жұмыс қарқыны талқыланды

0
271

Сауда-логистикалық орталықтың аумағында 16 гектар жер телімі бөлінді.


​ШЫМКЕНТ: сусын шығаратын зауыттың жұмыс қарқыны талқыланды

ERNUR.KZ. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Coca-Cola Almaty Bottlers» БК» ЖШС өкілдерімен кездесті.

Осыған дейін екі тараппен сусын зауытын салу жобасы талқыланып, Сауда-логистикалық орталықтың аумағында 16 гектар жер телімі бөлінді.


Кездесу барысында зауытты іске қосу үшін инженерлік инфрақұрылым жұмыстарын толық аяқтау қажеттілігі айтылды. Бұған қатысты қала басшысы жауаптыларға барлық жұмысты межелеген мерзімде атқаруды тапсырды.

Осы бағытта қала әкімдігі тиісті шараларды қолданып келеді. Сонымен бірге қолданыстағы кәріз және электрмен жабдықтау желілеріне қосылу мәселесі шешілуде. Бұл тұрғыда «ӘКК Shymkent»» АҚ есебінен кәріз жүйесіне уақытша қосуды жоспарлап отыр. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары 60% аяқталды.

Басқосу соңында қала әкімі инвестициялық жобаның сәтті аяқталуы үшін әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау болатынын жеткізді.