ШЫМКЕНТ: кісі өлтіріп істі болған ер адам қару жасырып кеткен

0
799

Темір жол вокзалы маңындағы гараждардың жанында қазылған шұңқыр табылды.


ШЫМКЕНТ: кісі өлтіріп істі болған ер адам қару жасырып кеткен

Шымкентте деструктивті діни ағым өкілінен заңсыз қару тәркіленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері түрмедегі жазасын өтеуші ер адам бостандықта жүргенде заңсыз атыс қаруын жасырғаны туралы шұғыл ақпарат алды.
Тәртіп сақшылары аталған дерек бойынша жедел іздестіру жұмыстарына кірісті.
Нәтижесінде, Темір жол вокзалы маңындағы гараждардың жанында қазылған шұңқыр табылды. Ол жерден қапқа салынған, калибрлі қос ауызды кесілген тегіс ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді.
Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі ( Атыс қаруын заңсыз иемдену және сақтау) бойынша тіркеді.
Ер адам бұған дейін адам өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды. Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.