ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданы жастары арасында теннистен турнир өтті

0
392

Жастар Қаратау ауданы әкімінің алғыс хатымен арнайы марапатталып, кубоктарға ие болды.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданы жастары арасында теннистен турнир өтті

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қаратау ауданы әкімі аппаратының қолдауымен қаратаулық жастар арасында С.Нұрмағамбетов атындағы атындағы №72 жалпы орта мектебінде үстел теннисінен кіші турнир өтті.

Турнирге Қаратау ауданына қарасты жоғары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінің жастары қатысты. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және шапшаңдыққа баулу мақсатында ұйымдастырылған ойын бас төрешінің әділ шешімімен бағаланды.
Тартысты өткен турнир нәтижесі бойынша, жастар Қаратау ауданы әкімінің алғыс хатымен арнайы марапатталып, кубоктарға ие болды.
I – орынды - Шымкент университетінің белсенді жасы, II – орын және III – орындарды Орталық Азия Инновациялық университетінің жастары иеленді.