Шымкент қаласында екінші деңгейлі банктердің 16 филиалы қызмет көрсетеді

0
707

Қала аумағында 15 микро-қаржылық ұйым, 5 кредиттік серіктестік, 49 ломбард микроқаржы қызметін жүзеге асырады


Шымкент қаласында екінші деңгейлі банктердің 16 филиалы қызмет көрсетеді

2023 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша Шымкент қаласында екінші деңгейлі банктердің 16 филиалы (оның ішінде 64 бөлімше) өз қызметін жүзеге асырады, 136 айырбастау пункті, оның ішінде банктердің 73 айырбастау пункті, 63 уәкілетті ұйым жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте ҚР Ұлттық банкі РММ Шымкент филиалының директоры Ботанбеков Әнуар Амангелдіұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, қала аумағында 15 микро-қаржылық ұйым, 5 кредиттік серіктестік, 49 ломбард микроқаржы қызметін жүзеге асырады. 33 коллекторлық агенттік жұмыс істейді.

Несие (кредит) нарығы бойынша, 2023 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша кредиттік салымдар 1 478 902 млн. теңгені құраған.
Ағымдағы жылдың 9 айында өңір банктері 1 077 335 млн. теңге сомасына кредиттер берді, оның ішінде шағын және орта бизнеске - 232 млрд. теңге, ипотекалық кредиттеуге - 59,3 млрд. теңге берілген.
2023 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша депозиттік шоттардағы қалдықтар 742 млрд. теңгеден асқан, оның ішінде заңды тұлғалар – 186 млрд.теңге, жеке тұлғалар – 556 млрд. теңге. Ұлттық валютада 603 млрд.теңге, шетел валютасында – 139 млрд. теңге сақталып отырғанын жеткізді Әнуар Амангелдіұлы.