ШЫМКЕНТ: қала әкімі қазылған көшелерді қалпына келтіру жұмыстарын күйшейтуді тапсырды

0
291

Қала әкімі сала басшыларына қазылған аумақтарды қалпына келтірмей, тұрғындарға қолайсыздық туғызған мердігерлерге қатаң шара көруді ескертті.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі қазылған көшелерді қалпына келтіру жұмыстарын күйшейтуді тапсырды

ERNUR.KZ. Бүгін Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте қазылған орындарды ретке келтіру жұмыстары талқыланды.

Жиында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Мендикулов қала аумағындағы жер қазба жұмыстарын баяндады. Зерделеу жұмыстары қорытындысымен Абай ауданында - 40, Қаратау ауданында - 53, Тұран ауданында - 8, Еңбекші ауданында - 38 қазылған жер анықталды.

Қала әкімі сала басшыларына қазылған аумақтарды қалпына келтірмей, тұрғындарға қолайсыздық туғызған мердігерлерге қатаң шара көруді ескертті. Сонымен қатар аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшыларының жұмыстарын бағалау қала тазалығымен байланысты екенін жеткізді.
Сонымен қатар, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы М. Мықтыбеков саланы дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Қала басшысы жауаптыларға жаңа футбол стадионының құрылысын тездетіп, халықаралық талаптарды сақтауды ескертті. Сондай-ақ, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру жүйесін заң талаптарына сәйкес атқару бойынша нақты тапсырмалар берді.