ШЫМКЕНТ: "Фосфоршылар" сарайының бір бөлігі құлап, бір адам қайтыс болды

0
502

Зардап шеккендер "Орта Азия" медициналық колледжінің екінші курс студенттері.


ШЫМКЕНТ:

ERNUR.KZ. Шымкенттегі "Фосфоршылар" сарайында оқыс жағдайдан бір адам қайтыс болды.

2023 жылғы 18 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 19.48-де Шымкенттегі бұрынғы «Фосфоршылар» сарайының үш қабатты ғимаратының бір бөлігі құлаған.
Оқиға кезінде ғимаратта үш адам болған, олардың екеуі қашып үлгерген, біреуі үйінділердің астында қалып, қайтыс болды. Зардап шеккендердің барлығы - "Орта Азия" медициналық колледжінің екінші курс студенттері.
Оқиға орнында қазіргі уақытта мұқият тексеру жүргізілуде.
Жағдай қала әкімінің және мамандандырылған құтқару қызметтерінің жедел бақылауында, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.